Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды, - деп хабарлайды Paryz.kz Ұлттық статистика бюросының ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылдың басында қазақстандықтардың орташа жасы - 32 жас.

"2018 жылдан бастап орташа жас ұлғайды. Орта жастағы өсім ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалды. Биыл еркектердің орташа жасы - 30,5, ал әйелдердің орташа жасы – 33,7. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас", - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

СҚО–дағы өңірлер арасында ең жоғары орташа жас - 38,9 жас, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ең төменгі жас - 27,6 жас.