04.09.2023, 11:50

2023-2024 оқу жылындағы шәкіртақы қанша?

Фото: gov.kz

1 қыркүйектен бастап қазақстандық студент, магистрант пен докторанттардың шәкіртақысы көбейді, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, Үкіметтің 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлемелері қағидаларына өзгерістер енгізілген болатын. Соған сәйкес, 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері бакалавриат студенттеріне – 20%, магистратура – докторантураға – 15%, ТжКБ мекемелерінің студенттеріне - 50%  ұлғайды.