Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Келесі жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері көтеріледі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 7%-ке артады.

Келесі жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері көтеріледі
Фото: sputniknews.kz

Тиісті үкімет қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген құжатта.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.