Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Қазақстан» шахтасындағы апат: кен өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды

«Қазақстан» шахтасында 17 тамызда орын алған апатқа байланысты көмір өндіру және тау-кен қазбаларын үңгілеу жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды. Бұл туралы көмір өндірушілердің «Қорғау» кәсіподағы хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қазақстан» шахтасындағы апат: кен өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды
фото: әлеуметтік желіден

«Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі жұмыстарды тоқтата тұруға байланысты босап қалған 600-ге жуық жұмысшы көмір департаментінің басқа шахталарына жұмысқа орналастырылды. «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының басшылығымен жұмысын ауыстырған қызметкерлерге ақы орындаған жұмыс көлеміне қарай төлеуге, онда да орташа жалақыдан төмен болмауға уағдаласты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 тамызда Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан еді.