Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай еліміздің барлық министріне қатаң талап қойды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, депутаттардың сұрақтарына жаттанды жауаппен құтылуды доғару қажет.
Осында отырған Премьер-министрдің орынбасары, барлық министрлерге айтарым, «бізді президент тікелей тағайындайды» деген түсініктен арылыңыздар. Сіздер комитеттің келісімі бойынша тағайындалып отырсыздар. Сондықтан осы кабинетте қандай жиын өтеді, тікелей өздеріңіз қатысыңыздар. Сұрақтарға өздеріңіз жауап беріңіздер. Біздің алдымызда да есеп беретіндеріңізді ұмытпаңыздар. Екіншіден, Мәжіліс депутаттары қандай сұрақ жолдайды, жаттанды жауаппен құтылуды доғару керек. Тікелей сонымен министр айналысуы керек. Ал олай болмайды екен, мен көптің көзінше айтайын, ертең сол министрдің отставкаға кету мәселесін Мәжілісте көтереміз, - деді ашулы депутат Мақсат Толықбай.