01.09.2023, 16:54

Президент жарлығы: Қазақстанда жаңа 5 министрлік құрылды

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен жаңа министрліктер құрылды, деп хабарлады Paryz.kz.

Атап айтқанда,

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі; Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі; Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі; Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.