Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен жаңа министрліктер құрылды, деп хабарлады Paryz.kz.
Атап айтқанда,
- Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.