Екібастұзда жол апатында бір жасар сәби зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 08:02-де Беркімбаев - Шахтерск көшелерінің қиылысында «LADA Vesta» және «Toyota Surf» маркалы екі автокөлік соқтығысты.
«Салдарынан «Toyota Hilux SURF» көлігі аударылып қалды. Оның жүргізушісі мен екі көліктің екі жолаушысы Екібастұз қаласындағы ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Олардың арасында бір жастағы сәби бар», – деді департаментте.
Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.
Облыстық жедел жәрдем станциясында 37 жастағы әйел адам мен бір жастағы бала зардап шеккенін хабарлады.