Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Қазақшасы түсініксіз». Мәжіліс төрағасы мен депутат сөзге келіп қалды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен депутат Қазыбек Иса сөзге келіп қалды, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

«Қазақшасы түсініксіз». Мәжіліс төрағасы мен депутат сөзге келіп қалды
фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Алайда депутат Қазыбек Иса Мәжіліс төрғасына бұл құжаттың атауы қазақша түсініксіз жазылғанын айтты.

Сегізінші заң жобасының қазақшасы – қазақша емес! Сол мәселені айтайын дегенмін, - деді ол.

Ерлан Қошанов депутатқа бұл мәселе Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде қаралатынын жеткізді. Алайда оның сөзін Қазыбек Иса бөліп жіберді.

«Мен ұсынысымды айтып жіберейін. «Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы». Ешнәрсе түсінген жоқпыз. Бұл негізі былай болуға тиіс: «Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқықтары жөніндегі ратификация туралы». Солай түзетілгенін қалаймыз», - деді ол.

Алайда төраға оның ұсысына күдікпен қарады.