Жыл басынан бері 6,7 мыңнан аса көлік апаты тіркелді, деп хабарлады Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет.
Комитет мәліметінше, 2023 жылғы 7 айда Қазақстанда 6 792 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға аз.
Бұл былтыр осы уақыт аралығында 7 862 оқиға тіркелді. Көлік апатынын 9 714 адам зардап шекті. 2022жылы осы уақытта 11 584 адам зардап шеккен еді. Биыл жарақат алғандар саны – 8 482 адам, ал қаза болғандар саны – 1 232 адам. Былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда көз жұмғандар саны 3,2%-ға артқан, - деп жазылған хабарламада.
7 айда жол-көлік оқиғасынан 1 232 адам қаза тапқан. Бұл – 7 жыл ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Көлік апатынан зардап шеккендер саны
Алматы қаласы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола және Алматы облыстарында көп.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан
Алматы қаласында (181 адам), Түркістан (146 адам), Жамбыл (116 адам), Жетісу (78 адам) және Атырау (69 адам) облыстарында адам өлімі жиі тіркеледі.