31.08.2023, 11:58

Ресей консулдығы Евгений Бобровтың жұмыстан кетуін түсіндірді

Фото: ашық дереккөз

Ресей консулдығы бас консул Евгений Бобровтың Қазақстаннан неге кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қоғамда Евгений Бобровтың мерзімінен бұрын қызметінен кетуіне қатысты түрлі ақпарат тараған еді.

Алматыда елші болған ол «Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тарылып бара жатыр» деп мәлімдеме жасаған болатын.

Кейіннен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің консулы қызметінен кеткенін хабарлады.

«Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Е.П. Бобров 65 жасқа толып, Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес дипломатиялық миссиясын аяқтап, зейнеткерлікке шығып, еліне кетті», - делінген консулдықтың  ресми сайтында.