Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ақтауда борлы тауға атын қашап жазған шенеунік қызметінен кетті

Маңғыстаудағы жанжалдан кейін ақтөбелік шенеунік өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ақтауда борлы тауға атын қашап жазған шенеунік қызметінен кетті
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Ақтөбе облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алтынай Юнисова мәлімдеді.  

«Ақтөбе қалалық зағиптарға арналған мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды», - деді ол.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Манас Көшербаевтың  Маңғыстаудағы бірегей Ыбықты сай шатқалындағы борлы жартасқа адамның атын қашап жазған видеосы тараған болатын.  

Кейіннен оның Ақтөбедегі зағиптарға арналған мәдениет үйін басқаратыны анықталды. Ол оқиға болған кезде Маңғыстауда демалыста болған.