Трамптың түрмеде түскен ресми суреті жарияланды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қамауға алу кезінде суретке түскен АҚШ тарихындағы бірінші мемлекет басшысы атанды, деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Трамптың түрмеде түскен ресми суреті жарияланды
Фото Fox News/Fulton County Sheriff's Office

Трамп 24 тамызда кешке полицияға берілген. Оның өзі Джорджия штатының Атланта қаласындағы Фултон округінің түрмесіне барған. Тарихи сурет Фултон округінің шериф кеңсесінде түсірілген, бұл АҚШ президентінің түрмедегі алғашқы фотосы.

Трамп журналистерге Джорджия шенеуніктері суретке түсіруді талап еткенін айтты.

"Ыңғайсыз сезім, әсіресе жаман ештеңе істемеген болсаңыз", - деп қосты экс-президент.

Ол 2020 жылы Джорджиядағы сайлау нәтижелеріне араласты деген күдікпен түрмеде отырғанын атап өтті.

"Мұның бәрі Вашингтон, Әділет министрлігі және алаяқ Джо Байден (АҚШ президенті - еск.) арқылы болып жатыр. Біздің елде бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес", - деді Дональд Трамп.