Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Студенттердің стипендиясы екі есеге артады

Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова Жоғары білім және ғылым форумында студенттердің стипендиясы жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Студенттердің стипендиясы екі есеге артады
фото: inform.kz

«Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе», - деді Дүйсенова

Министр стипендияны төлеу автоматтандырылғанын атап өтті.

«Стипендияны уақытында төлеу үшін ол Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады»,- деді ол.