Тоқаев Зеленскийге жеделхат жолдады

Тоқаев Зеленскийді құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Зеленскийге жеделхат жолдады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, – делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы украин халқын бүгінгі Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Айта кетсек, Украинаның Тәуелсіздік күні – мемлекеттік мереке, Украинаның 1991 жылғы Тәуелсіздік декларациясының бекітілуімен байланысты 24 тамызда тойланады.