«Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінің ғимараты бұзылып жатыр», ЖОО басшылығы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Шабыт» Шығармашылық үйінің апатты жағдайына байланысты және ғимараттың жай-күйі жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыс комиссиясы жүргізген зерттеу негізінде, комиссия күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты қазір ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ЖОО таратқан мәліметте.
Айта кетейік, оқу орнының сайтында университет басқа ғимаратқа көшіріліп жатқаны туралы жазылған.
Еске салайық, студенттер «Шабыт» орталығының шатырынан үнемі су ағатынын айтып, билік назарын осы проблемаға аудару үшін түрлі іс-шаралар өткізген болатын.