Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қазақстан» шахтасындағы өртті тергеуге халықаралық сарапшылар тартылды

«АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Оларды қазақстандық және халықаралық ұйымдар жүргізеді. Бұл туралы Paryz.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан» шахтасындағы өртті тергеуге халықаралық сарапшылар тартылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Барлығы жеті сараптама тағайындалған. «Горняк» оқшаулағыш өзін-өзі құтқарушыларының жұмысы, кеніш атмосферасын бақылаудың автоматты жүйесі, өрт-техникалық сияқты өрт шыққан конвейердің таспа төсемі бойынша қорытынды алу қажет. Қазақстандық сарапшылар жақын арада жұмысқа кіріседі. Сондай-ақ Ресей мен Германиядан мамандар келеді.