«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі сөнбеген – ТЖМ

22 тамызда сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан шахтасындағы өрт ошақтары әлі де сөнбеген, жағдай жақсарған жоқ. Бұл туралы Paryz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі сөнбеген – ТЖМ
фото: inform.kz

Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда.