Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Генерал-майор Берік Біләлов кінәлі деп танылды

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Генерал-майор Берік Біләлов кінәлі деп танылды
Фото: gov.kz

Сот үкімі бойынша, Біләловке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған. Сондай-ақ, ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сот билігінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, басқа да мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан айырылды.

Бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді.

Сондай-ақ, сот Президент атына Біләловті "II дәрежелі Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Бұған дейін генерал-майор Берік Біләловке қарсы қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған болатын.