Петропавлда жанармай құю бекетін тонап кетті (ВИДЕО)

Келіп түскен шағымнан кейін тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктінің кім екенін анықтады...

Петропавлда ер адам қоқыс жәшігімен терезені сындырып, жанармай құю бекетіне кіріп, кассадағы ақшаны қолды қылған. Ізін суытпай күдікті қолға түсті, деп хабарлады paryz.kz, ІІМ-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күзетшілерге түнгі сағат 01.30 шамасында белгісіз біреу Әуезов көшесіндегі жанармай құю бекеттерінің бірінің терезесін сындырып, кассадан 40 мың теңгені ұрлап, белгісіз бағытта жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті. Оқиға бейнебақылау камераларына жазылды. Келіп түскен шағымнан кейін тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктінің кім екенін анықтады.

Жанармай құю бекеті орналасқан сол көшедегі жалдамалы пәтерлердің бірінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Тонау сәті кезінде мас халде болған. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Тергеу "Қарақшылық" бабы бойынша жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.