Қуат Хамитов танымал ресейлік жекпе-жек шебері Александр Шлеменкоға қарсы шығады

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов (24-8-1) танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (62-15-1) кездеседі, деп хабарлайды Paryz.kz Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Қуат Хамитов танымал ресейлік жекпе-жек шебері Александр Шлеменкоға қарсы шығады
Фото: sports.kz

«Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. Бүгін, 20 тамызда Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Турнир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер», -деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Қуат Хамитов өзінің кейінгі жекпе-жегін мамырда өткізді: ол Алматыдағы Hardcore MMA лигасының турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен ресейлік Залимхан Юсуповтан (19-15) басым түсті. Александр Шлеменко кейінгі рет торға шілдеде кіріп, бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді.