Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Жеңіл жаза тағайындаған»: Тараз судьясы 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Жеңіл жаза тағайындаған»: Тараз судьясы 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
© Sputnik / Абзал Калиев

Агенттіктің Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасаған жасырын іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны әшкереленді.

"Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындағаны үшін ақша алды деген күдікке ілінді", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Бас прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.