Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап мерт болды, деп Paryz.kz. облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.
«Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.