Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қарағанды облысында 227 кенші бар шахтадан өрт шықты

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. 

Қарағанды облысында 227 кенші бар шахтадан өрт шықты
фото: gov.kz

Оқиға орнына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. Қазір оқиға орнында Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Өрт 17 тамыз сағат 10:00-те шыққан. Оқиға орнына Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Шахтада барлығы 227 адам болған. Оларды біртіндеп жер бетіне шығарып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, жер бетіне 131 адам шығарылған.

Кейінгі ақпарат бойынша шахтада болған 177 адам жер бетіне шығарылды.