Тележүргізуші Әсел Асқар спортшыдан таяқ жеді: Полиция тергеу бастады

Танымал қазақстандық тележүргізуші және блогер Әсел Асқар спортшының қолынан таяқ жегенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Тележүргізуші Әсел Асқар спортшыдан таяқ жеді: Полиция тергеу бастады
фото: әлеуметтік желіден

Блогер видеоүндеу жариялап, «Рояль» фитнес клубында ер адам – грек-рим күресінен чемпион, кәсіпқой балуан өзін бетінен бірнеше рет ұрғанын, қазір оның тарапынан қоқан-лоқы көріп жатқанын айтты.

Әсел Асқар қала прокуроры мен полиция басқармасы басшысынан көмек сұрады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты жауап берді.

«Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы (»Ұрып-соғу«) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (»Ұсақ бұзақылық«) бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды.

«Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында», - деп атап өтті Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметінен.