Осыған орай, Атырау Облысы Экология Департаменті «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 337 баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолдады.
«Жылыой аудандық сотымен жоғарыда аталған істер біріктіріліп қаралып, нәтижесімен соттың 27.07.2023 жылғы қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-не жалпы сомасы 2,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды», - делінген хабарламада.