Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қарағандыда уланып көз жұмған қыздың анасы баласының жәрдемақысына қатысты шағымын айтты

Қарағандыда облыстық балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланып көз жұмған 9 жасар қыздың анасы мекеме қызметкерлері жәрдемақыны жымқырды деп күдіктенеді. Бұл туралы Патриот Telegram каналында жазылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағандыда уланып көз жұмған қыздың анасы баласының жәрдемақысына қатысты шағымын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Қарағандылық тоғыз жасар Вероника Врублевская 31 қазанда облыстық балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланып қалып, ауруханаға түскен. Араға бір апта салып, ол көз жұмды. Қызын жерлеу рәсімінен кейін марқұмның анасы Виктория жинақталған жәрдемақыны алу үшін банкке бет алды.

«Заң бойынша жәрдемақылардың 70 пайызы баланы күтіп-бағуға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына аударылады. Орталыққа мемлекеттен ақша бөлінгенімен, жәрдемақының 70 пайызы мүгедек балалардан алынады, бұл орталыққа қосымша қаржылық көмек. Ал жәрдемақының 30 пайызы баланың жеке шотына аударылады. Жерлеу рәсімінен кейін банкке келгенімде, мен шотта миллион теңгенің орнына 100 мың теңгеден астам ақша барын көрдім», - дейді Виктория Врублевская.

Әйел мемлекеттік мекемеден түсініктеме талап еткен. Орталық әкімшілігі есеп беріп, онда қыз мекемеде болған 4 жыл ішінде оған керек-жарақ сатып алынғанын көрсеткен.

«Маған көрестілген есепте қызыма бойжеткенге қажетті ішкиімнің сатып алғаны жазылған️ ️. Ол небәрі 9 жаста болды. Оған ол іш кимінің қажеті жоқ еді. Сондай-ақ есепте оған жазғы аяқ киім, күзгі аяқ киім, күзгі етік, қысқы етік сатып алғаны көрсетілген. Неліктен етік керек болды? Вероника өздігінен жүре алмайтын. Ол төсектен мүлдем тұрмайтын, тек жатты. Оның диагнозы – гидроцефалия және жұлын грыжасы. Сондай-ақ шоттағы ақша кофталарға, юбкаларға жұмсалған делінген. Бірақ менің қызымның үстіндегі киімі өзгреген емес. Мен 4 жыл бойы Вероникаға жиі барып тұратынмын. Ол үнемі бір көйлек, бір шалбар киген және 4 жыл бойы бір көрпені жамылып жатты», - деді қайтыс болған қыздың анасы.

Әйел шағыммен Қарағанды облысының прокуратурасына жүгінді.