Жыл басынан бері оқиғалардың ең көп саны Қарағанды облысы (20), Астана қаласы (19), Қостанай (12) және Кызылорда облыстарында (11) тіркелген, деп Paryz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы және абайсыздығы. Ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырамыз. Кішкентай балалары бар үйлерде жиһазбен терезені жауып қою керек. Москит торлары баланың терезеден құлауынан қорғай алмайды», - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.