Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгертілді

Қазақстанда көліктерді заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істер көбейген. Сол себепті жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгерді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгертілді
© Sputnik

Агенттіктің мәліметінше, ақпараттық жүйелер осал, процестер жеткіліксіз цифрландырылған, автокөлікті тіркеу рәсімі жетілдірілмеген, емтихандарды қабылдау рәсімінің құқықтық олқылықтары және автомектептерде атүсті оқыту салдарынан заңсыз делдалдық қызметтер пайда болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдады.

Қазіргі таңда ұсыныстардың жартысынан көбі орындалды:

Мәселен, ішкі істер министрлігі өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқорын түзетуге қолжетімділікті жапты.

Сонымен қатар, ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін бейнетіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.

Пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды.

Арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды.

Заң жобасы ҚР парламентінде қаралып жатыр.

"Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар әлі де болуы мүмкін. "Көмекшілердің" заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.