Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Арыста үй салып жатқан 4 адамды атып кеткен екі күдікті ұсталды

ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі адам ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті.

Арыста үй салып жатқан 4 адамды атып кеткен екі күдікті ұсталды
фото: zakon.kz

Айта кетсек, 5 тамызда белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша СДТБТ-ға тіркелген.

«Жедел уәкілдер арнайы іс-шаралар нәтижесінде Арыс қаласының тұрғындарын, яғни үш күдіктінің жеке басын анықтады. Бүгінде олардың екеуі ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта үшінші күдіктіні ұстауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр», - делінген хабарламада.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынғаны да нақтыланады