Елордада «Абай әлемі» іс-шарасы өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Абай күніне арналған «Абай әлемі» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Елордада «Абай әлемі» іс-шарасы өтті
фото: paryz.kz

Шара аясында «Абай - тұтас бір әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  ақынның шығармашылығы мен өміріне қатысты құнды кітаптар мен сирек құжаттар қойылды.

Ал «Адамшылықтың алды - махаббат, ғаділет, сезім» атты халықаралық дөңгелек үстелге абайтанушы ғалымдар қатысса, «Сен де бір кірпіш дүниеге..» атты поэзия сағатына белгілі ақындар келіп ақын өлеңдерін оқыды.

Алдын - ала әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «Абай менің жүрегімде» бейне-Reels байқауы қорытындыланып, жеңімпаздарын марапаттау рәсімін әлеуметтік желіде тікелей эфирде 300 ден астам адам тамашалады.

Байқауға еліміздің әр өңірінен 135 оқырман қатысты.

1- орын: Утегенова Анар Жамбулқызы. Ақтөбе қаласы.

2- орын: Назарова Ақгүл Серікқызы. Қызылорда облысы.

3- орын: Тайлыбекова Айкөркем. Атырау облысы.

"Көрермен көзайымы" номинациясын иелеген Айсұлтан Басықара. Астана қаласы.

Сонымен қатар, әдеби шараға жиналғандар «Абай арқылы ағылшынша үйрен» шеберлік сағатына қатысып, «Абайдың соңғы күндері» атты деректі фильмді тамашалады.

Рухани іс-шараға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері,  Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктер өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.