Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оңтүстік Кореяда ұсталған екі қазақстандық елге қайтарылатын болды

Наурыз айында Корея Республикасына кіруге рұқсаты болмаған екі қазақстандық Инчхон халықаралық ауежайынан қашып кеткен болатын. Қазақстандықтар 3 ай қамауда болған. Ал бүгін, 10 тамызда олардың елге қайтарылатыны туралы белгілі болды. Бұл туралы "Кореядағы Қазақ Қауымы" Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда ұсталған екі қазақстандық елге қайтарылатын болды
Фото: Instagram / @qazaq.alliance.in_korea Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2031993-ontustik-koreyada-ustalgan-eki-qazaqstandyq-elge-qaitarylatyn-boldy/

Қоғамдастықтың хабарлауынша, 25 наурыз күні Инчхон ауежайындағы биіктігі 3.6 метр қоршаудан асып, заңсыз қашып кеткен екі қазақстандық елге оралатын болды. Ведомство ақпаратынша, сот үкіміне сәйкес, қазақстандықтарға айыппұл салынып, олар елге жіберіледі.

Екеуі де кінәсін мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, кашып кетті деп айыптады. Екеуі де өз кінәсін толық мойындап, тергеу уақытында 3 ай қамауда болды. Отандастарымыз жақын уакытта елге қайтарылады, - делінген хабарламада.

Бұл ретте кореялық сотта қазақстандықтардың мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында бұл ақпаратты растады.

Бұл Қазақстанның тағы бір халықаралық беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытылмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Барлық мақтау, мадақтау Аллаға тән. Мен тек себепшімін, - деп атап өтті заңгер.