Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: ҰҚК

Айыптау қорытындысы бойынша, 2020 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болған Нұрлан Мәсімов өзіне арнап Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында екі қабатты коттедж салған, сондай-ақ оның отбасы тұрған Алматыдағы үйде монша мен демалыс бөлмесін жабдықтап, жертөле қабатын жөндеген.

Бұл жұмыстарды тағы бір сотталушы - кәсіпкер Евгений Евкович жүзеге асырған. Ол өз еңбегі үшін Павлодар полициясына арнап артехқұрылымды салу үшін мемлекеттік сатып алуда жеңіске жетуді көздеген.

Естеріңізге сала кетейік, прокурор бұған дейін Мәсімовке 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Прокурор Павлодар полициясы бастығының бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовті 11 жылға бас бостандығынан айыруды, кәсіпкер Евгений Евковичтіңавтокөлігін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.