Қазақстанда Абай есімді қанша адам тұрады

Абай күніне орай статистика мамандары елімізде қанша адамға ұлы ақынның есімі берілгені жөнінде мәлімет жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда Абай есімді қанша адам тұрады
Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросының 10 тамыз күні жариялаған ақпаратына сүйенсек, бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады екен. Ақын аттас адамдардың көбі Түркістан облысында кездеседі екен. Ол жақта 2050 Абай тұратыны мәлім болды.

Ақын есімі қойылған адам саны жағынан Астана екінші орында тұр: 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ұлытау өңірінде 194 Абай бар көрінеді. Ең азы осы облыс болып саналды. Ал ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) 238 адамға Абай есімі қойылған.

Абай, Ұлттық статистика бюросы, Абай есімі берілген сәбилер

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

"Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам".Ұлттық статистика бюросы

Статистикаға сүйенсек, 2023 жылдың басынан бері ата-аналар ұлдарға 10 мыңнан, ал қыздарға 6 мыңнан астам ерекше есім ойлап тапқан.