Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жерге астероид жақындап келеді – астроном

6037 (1988 EG) астероиды Жерге қарай жылжып келеді. Қазақстан астрономдары оның ғаламшарға құлау ықтималдығы туралы пікір білдіріп, аспаннан көруге болатын-болмайтынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жерге астероид жақындап келеді – астроном
фото: yandex.ru

В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының астрономы Светлана Мошкинаның айтуынша, астероид шын мәнінде ықтимал қауіпті санатқа жатады.

«Жерден 7,5 миллион километрден аз қашықта өтетін астероидтар, кометалар, метеориттер сияқты барлық нысандар «қауіпті» болып саналады. Сондықтан 1988 жылы ашылып, EG деген ат берілген 6037 астеройды 23 тамыз күні жерді айналып өтеді. Ол шамамен 6 миллион шақырым қашықта өтеді. Оның диаметрі түрлі бағалау бойынша 430-дан 960 метрге дейін жетеді. Ол секундына 14 шақырымнан сәл жоғары жылдамдықпен ұшады», - деді астрофизика институтының маманы.

Сонымен қатар астероид «әлеуетті қауіпті» класына жататынына қарамастан, ол Жерден үлкен қашықта - 6 миллион шақырымнан өтеді. Астрономиялық стандарттар бойынша бұл өте үлкен өлшем болып саналады. «Оның жерге құлау ықтималдығы жоқ, ол Жердің жанынан өтеді» деді маман.

«Адамдар Жерге астероид құлап кетеді деп қорқатын кезде, мен оларға мынадай мысал келтіремін. Біздің табиғи серігіміз - Ай бізге әлдеқайда жақын. Ол планетамыздан 361 мың шақырым жерде. Енді ол сонша мыңдаған жылдар бойы құлаған жоқ. Ал сіз қасымыздан 6 миллион шақырым қашықта ұшып өтетін астероидтың құлауынан қорқып отырсыз деймін. Мұндай қашықта ол Жер тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмейді», - деді астроном.

Сонымен қатар сарапшының пікірінше, бұл Жер планетасы тұрғындарының әл-ауқатына да әсер етпейді. Дегенмен астероидтың немесе басқа ғарыш объектілері Жерге құламайды деп сенімді болудың да қажеті жоқ.

«Астероидтар соқтығысады деген қауіп әрқашан болады. Сондықтан мұндай қауіпті астероидтарды қадағалайтын қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың орбитасына көптеген факторлар әсер етеді: Юпитер планетасы, Күнге, Жерге қарай қозғалыс. Оған арнайы ғалымдар тобы жұмылған. Бұны зерттеу күрделі есептеулерден тұрады. Интернеттен ақпарат табуға болады. Тіпті қалай болатыны, бұл қауіпті жою туралы және онымен кім жұмыс істеп жатыр деген сияқты деректер бар. Бұл саламен ондаған жылдар бойы жоғары білікті мамандар жұмыс істеп келеді», деді Светлана Мошкина.