Блогерге қатысты материал жинақталып, шара қолдану үшін құжат Жамбыл облысы Полиция департаментінің ювеналдық полициясы қызметкерлеріне жолданады.
Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорғандағы дәмханалардың бірінен әлеуметтік желіде танымал болған жамбылдық шопанды ұстады. Ол тамақтану орнында оқырмандарымен кездесу өткізіп, карантин талаптарын өрескел бұзған, деп хабарлады Sputnik.
Танымал тиктокердің қамауға алынғаны жайлы видео әлеуметтік желіде жарияланды. Ал Алматы облысының полициясы роликке қатысты түсініктеме берді.
"9 қаңтарда Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде жасөспірімдер жиналған. Анықтау барысында осы нысанда Жамбыл облысының тумасы – Tik Tok жұлдызының 200-ге жуық оқырманымен кездесу ұйымдастырғаны белгілі болды", - деді өңірлік Полиция департаментінің бапасөз қызметі.
Блогерге қатысты материал жинақталып, шара қолдану үшін құжат Жамбыл облысы Полиция департаментінің ювеналдық полициясы қызметкерлеріне жолданады.
Тағы оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 15 жастағы шопан TikTok-та танымал болды
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.