Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Яндекс.Такси: Қазақстандықтардың деректері Ресейдің қолында ма?

"Яндекс.Такси Корп ЖШС" компаниясы азаматтардың жеке деректерін мемлекеттік органдардан ресми сұрау салу арқылы және белгіленген тәртіпте ғана бере алады, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Яндекс.Такси: Қазақстандықтардың деректері Ресейдің қолында ма?
Фото: sputnik.kz

Бұған дейін БАҚ-та Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған. 

Қазақстандық пайдаланушыларға Yandex Go қызметін ұсынатын «Яндекс.Такси Корп» ЖШС қазақстандық компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланушылардың жеке деректерін өңдейді. Сондай-ақ деректер субъектілерінің көзделген барлық құқығын қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясында қаралған заңда оның Қазақстан аумағына және оның тұтынушыларына қатысы жоқ екені айтылды. Себебі такси қызметін Ресей шекарасынан тыс аумақта қолданады.

Бұл 1 қыркүйектен кейін де өзгермейді, – делінген ақпаратта.