Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағандыда алты бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

31 шілдеде Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 13 баланың уланғаны хабарланды. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды.

Қарағандыда алты бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр
фото: ДСМ баспасөз қызметі

Уланған алты бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы жеті бала облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, уланғандардың арасында жетім балалар да бар.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы ауруханада жатқан балалардың қазіргі жағдайын хабарлады. Басқарманың мәліметінше, жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты.

2 тамызда облыстық клиникалық жұқпалы аурулар орталығы бөлімшесінде емделген екі баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылған. 3 тамызда тағы екі бала ауруханадан шығарылды. Бүгін тағы 3 бала ауруханадан шығаралады.