Полицейлер жоғалған 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Paryz.kz.
5 тамызда әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен.
Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, оралмаған. Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент полиция департаментінің жеке құрамы түгел жұмылдырылды.
Аида Долана - "Бұлақ" колледжінің 1-курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).
Полиция жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндерді 102 нөміріне хабарласуды өтінді.