04.08.2023, 21:39

Жаңаөзенде көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды

Фото: ПД

Жаңаөзен қаласында патрульдеу кезінде ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша (Көлік құралын біле тұра жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгілерімен (белгісімен) әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіліп, көлік арнайы айыптұраққа қойылды», - деп хабарлады Жаңаөзен қаласының ПБ.