Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ұйымының қызметкері ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірін ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ұйымының қызметкері ұсталды
Фото: ҰҚК

Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өзімшілдік ниетпен заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.