Бұл жержер «Байкал» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «Соваж» маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап табылды, – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптама жасалып жатыр.
Осыған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Егер қару-жарақ пен оқ-дәріні жасырған адамдар табылса олар 5 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін.