Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қарағандының шетінен қару-жарақ пен оқ дәрі табылды

3 тамызда Қарағанды облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірігіп, жедел-іздестіру кезінде қала шетіндегі орман алқабынан жасырынған қару-жарақ пен оқ дәрінің үлкен партиясын тапты.

Қарағандының шетінен қару-жарақ пен оқ дәрі табылды
фото: polisia.kz

Бұл жержер  «Байкал» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «Соваж» маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап табылды, – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің  баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптама жасалып жатыр.

Осыған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Егер қару-жарақ пен оқ-дәріні жасырған адамдар табылса олар 5 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін.