Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке, оның экс-орынбасары Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты істі тыңдау кезінде прокурор сотталушылардың әрқайсысына жаза қолдануды сұрады.

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
фото: ҰҚК

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Ғарифолла сотталушыларға пара алды және ақша жымқырды деген айып тағылып, кінәсі толық дәлелденгенін айтты.
Ол Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сондай-ақ, заң өкілінің айтуынша, оның Алакөл жағасындағы үйін тәркілеп, пара түрінде алған 16 миллион теңгені қайтару керек.

Сонымен қатар ол сотталушыны "полиция генерал-майоры" арнайы атағы мен ІІ дәрежелі "Айбын" орденінен айыруды, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салуды сұрады.

Прокурор оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовты 11 жылға, кәсіпкер Евгений Евковичті көлігін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Нұрлан Мәсімовтің өзі де, адвокаттары да кінәсін мойындамай, жарыссөзде қаңтар оқиғасынан кейін фамилиясына бола жапа шеккенін мәлімдеді.