Түркияда жол апатынан зардап шеккен екінші қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі
Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілген еді.