Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

СҚО-да кәріз тазарту кезінде 4 адам қаза тапты

СҚО-да шошқа фермасында төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

СҚО-да кәріз тазарту кезінде 4 адам қаза тапты
Фото: EMS AGRO

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында EMS Agro компаниясының шошқа фермасында төтенше жағдай болды.

Тайынша ауданы Новоивановка ауылында ЖШС-нің төрт жұмысшысы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін бордақылау алаңынан шықпаған. Сегіз метр тереңдіктегі кәрізді тазарту кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметтер бойынша, СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, әкімнің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Марат Омаров оқиға орнына барған.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Себептері анықталып жатыр. Қазір өңір басшысы қаза тапқандардың отбасыларына барады, - делінген СҚО әкімдігінің хабарламасында.