Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр

 Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр
Фото: әлеуметтік желіден

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi.

«5-6-қабат деңгейінде лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.