Өзінің 4 жасар баласын өлтірді деп айыпталған Артур Ахунов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Артур Ахунов Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қауіптілігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтесін. Мұндай жағдай қайталанбас үшін облыстық полиция департаментінің бастығына, облыстық білім басқармасының басшысына жеке қаулы шығарылды. Олар Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім туралы хабарлауы тиіс, - деді судья Нұрлан Бақтығалиев.
Тараптар 15 күнде апелляциялық шағым түсіре алады.