Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Нұрали Әлиев жаңа қызметке тағайындалды

"Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі - Нұрәли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.

Нұрали Әлиев жаңа қызметке тағайындалды
фото: ttc.kz

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Транстелеком" АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланғанын хабарлады", - делінген хабарламада.

Кеңес құрамына: Әлиев Н.Р.; Покупателев Д.А.; Өтемұрат Б.М.; Гумаров Э.М.; Ахметжанов А.М.; Аниховский В.А.; Ибраимов К.У.

Құжатта, шешімге сәйкес Нұрәли Әлиевтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

"Транстелеком" АҚ ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрәли Әлиев алғаш рет 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды.