Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан азаматы АҚШ-қа кіру үшін 7 елді заңсыз аралаған

Қазақстандық Жанат Шамиганов Орталық Американың 7 елін джунгли арқылы еңсеріп, АҚШ-қа заңсыз өтпек болған. Бұл туралы «Настоящее время» басылымы жазды.

Қазақстан азаматы АҚШ-қа кіру үшін 7 елді заңсыз аралаған
фото: әлеуметтік желіден

Ер адам 7 мың шақырым жол жүріп, оның 500-ін жаяу өткен. Айтуынша, бірінші Колумбияға барып, одан Панама шекарасына өткен. Сол жерде джунглиге кіріп, әрі қарай жаяу жүріпті. Коста-Рика, Никарагуа, Гондурас, Гватемала және Мексиканы еңсерген.

Оның айтуынша, барлық қиындықтар Панамаға жеткенде басталған.

Онда ешкім кірмеген Дарьен саябағы бар. Дәл сол жерде адамдар жиі жоғалып кетеді, өйткені мұнда жол жоқ. Сол жерден қытайлық адамды көрдім, ол өзінің тобын біреулер тонап кеткенін айтты. Онда әлемнің түкпір-түкпіріндегі қылмыстық топтар жасырынады. Жергілікті полицейлер ол жаққа бармайды, – дейді қазақстандық азамат.

Айтуынша, Кариб теңізінен өтіп бара жатқанда, жағалау күзеті көрмеуі үшін түнде жүрген. Сонда сұмдық жайттардың куәсі болған.

Катер түнде жүргенде, тоқтамайды. Қырғызстан азаматымен осындай жағдай болды. Бала әйелдің қолынан құлап түскенде, әйел баланың артынан секірді, сосын күйеуі кетті. Ал қайық қайтып оралмады, – дейді Жанат Шамиганов.

Коста-Рика қауіпсіздеу екен. Бірақ тоқтатып, ақша бопсалайтындар бар көрінеді. Мұндай жағдай Мексикада да жиі кездескен.

АҚШ-тағы шекараны заңсыз кесіп өтуіне байланысты, Жанат ресми түрде жұмысқа тұра алмаған және қолма-қол ақшамен әртүрлі жұмыста жүреді. Айтуынша, ол алдағы жылдары Қазақстанға орала алмайды.